ТЕРЕЗЕ ҚАУПІНЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Терезеден құлау салдарынан Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 10 бала көз жұмады екен. Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды. Бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес. Балалардың құлауы көбіне ата-анасының қарауынсыз үйде қалуы себебінен орын алады. Қасіреттің алдын алу үшін кішкентай балаларды 1 минутқа да жалғыз қалдырмау керек. Сонымен бірге барлық жиһазды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қою ұсынылады
Терезедегі торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар торды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Бала терезені өз еркімен аша алмауы үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет.
Егер сіз балаңызға терезеден бір нәрсе көрсететін болсаңыз, оны мықтап ұстаңыз, баланың шұғыл қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын және баланың үлкеніне өзінен кішілерге қарауға үйретіңіз.
Қармақшы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі














