АБАЙЛАҢЫЗ, БАТУТ!

         
         Барлық балалар батутта секіруді жақсы көреді. Және ата-аналардың көпшілігі балалардан ештеңе аямай, батуттан ешқандай бас тарту себептерін көрмейді, әсіресе бүгінгі күні әр саябақта және көптеген балалар алаңдарының жанында балаларға арналған жарқын әрі тартымды батуттар тұр. Бала алаңға қарай жүгіріп, батут жанына жетіп, ойнағысы келіп, қиылып сұрағанда, ата-ананың ақша төлеуден басқа амалы қалмайды.  Таныс жағдай емес пе? Батут үрлемелі, жұмсақ келеді. Егер анықтап қарайтын болсақ, әрбір батуттың жанында "батутта балалар үшін ата-аналар жауапты болады" немесе "батутта балалардың қауіпсіздігі үшін батуттың иесі жауапты болмайды"сияқты  тақтайшаның ілініп тұрғанын байқауға болады. Қызық, бұл рас қой?
         Батуттарда ойнаған әсерінен жиі сынықтар мен шығулар болады, ал батутта орын алуы мүмкін ең қауіпті жарақаттар мойын, бас және омыртқа зақымдары болып табылады. Бұл ретте ешқандай қорғаныс торлары, жұмсақ борттары және тіпті батуттың өзі үрлемелі және жұмсақ болса да, жарақаттану қаупін төмендетпейді. Егер батутта бір уақытта бірнеше бала болса, әсіресе әр түрлі жастағы жарақат алу қаупі айтарлықтай артады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп-қатер кіші балалар. Кішкентай балалар қауіпті сезінбейді,сонымен қатар ересек балалар кіші балалардың қауіпсіздігі туралы алаңдамайды және теледидардан көргендерді немесе тіпті жай ғана ойлап тапқан трюктерді жасауға тырысады. Бұл ретте ата-аналар баланың бақылауымен тыныш отыратынына және төленген уақыттың аяқталуын күтетініне толық сенімді болады. Бірақ қызметкерлер бұл үшін жауап бермейді, өйткені тақтайшадағы жазу арқылы ескерткен болатын. ОЛар тек қана батутта ақша төлемеген балалардың болмауын ғана қадағалайды.  Балалар секіреді, бір-біріне құлайды, құмырсқа  секілді түсуге тырысады және мүмкіндігінше қайтадан  жоғары көтеріледі. Әрине, мұның бәрі балаға осындай ойын-сауыққа үзілді-кесілді тыйым салу керек дегенді білдірмейді. Мұқият болу керек, ең қауіпсіз аттракциондарды таңдау керек, әрдайым бала батутта болған кезде оны бақылау және сақтандыру керек. Егер аттракционда қазіргі уақытта балалар көп болса, онда балаға басқа ойын-сауық орнын ұсыну  қажет. Балаға қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіндіру, не істеу керектігін атап өту қажет. Егер сіз батуттың қауіпсіздігіне сенбесеңіз немесе оның жоғарғы алаңы нашар жабылған болып, ешқандай кепілдік бермейтіндігін сезсеңіз, баланың төменге құлап кетпейтіндігіне кепілдік бермесе, онда осындай аттракционға барудан бас тартқан жөн. Кішкентай балаларды ересек балалармен бірге аттракциондарға жібермей, олардың жасына сәйкес алаңдарды және батуттарды таңдаған дұрыс.

Қызылорда облысы ТЖД
24 шілде 2019 ж. 1 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031