» » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Жаздың басталғанына көп бола қойған жоқ. Мектеп оқушылары көптен күткен жазғы демалыстарына шықты. Демалыс маусымы ашық деуге болады. Ауданда серуен құратын саябақтар жетерлік. Дей тұра ойын алаңқайлары аз. Осы орайда аудан орталығында «Демалыс саябағы» өз жұмысын бастаған болатын. Онда балалар ойнайтын батут, катамаран, машиналар да бар.
Әрине, балалар батутпен ойнағанды жақсы көреді. Дегенмен ойнау кезінде сақтық шараларын қадағаламаса оқ­ыс оқиғаның орын алуы ғажап емес. Жақында аудан­дық төтенше жағдайлар бө­лімінің мамандары ойын алаң­қайларында түсіндірме жұмысын жүргізді.
– Егер ауа райында қатты жел  болмаса дауылдың болатыны жөніндегі дабылды ескерту түскен жағдайда ой­ын батуттарын құрмаған жөн. Мүмкіндігінше батутты ашық жерге орнатпау керек. Оның орналасқан жері тегіс, құрғақ болуы қажет. Батутқа ең кем дегенде 2 адам қызмет көрсетуі тиіс. Оның маңында темекі шегуге болмайды. Со­нымен бірге балалардың қол­сағаты, алқа мен өзге де бұйымдармен мінбегені дұрыс, – дейді аудандық тө­тенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны С.Абжаева.
Иә, сақтықта қорлық жоқ. Батутқа қатысты төтенше жағдайлар орын алған жағ­дайда жауапкершілік меншік иесіне жүктеледі. Сол себепті меншік иесіне түсіндіру жұ­мысы жүргізілді. Дей тұра ата-ана да баласын назардан шығармауы керек.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
11 маусым 2019 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031