» » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАУІПКЕ ҚАЛҚАН

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАУІПКЕ ҚАЛҚАН

Жаз мезгілін сусыз елестету мүмкін емес. Жас та, кәрі де жаймашуақ кезеңді осы ерекшелігімен асыға күтетіні рас. Бірақ, судағы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан қайғылы жағдай жиі орын алады. Бұл ауданда белгілі бір суға түсетін аймақтың болмауынан.
Қармақшы ауданының үстінен өтетін Сырдария өзені және 20 су айдыны бар. Сараптамаға сүйенсек, қайғылы жағдайға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру, мас күйінде суға шомылу кезінде ұшырайды.Суға бататын көбіне мектеп жасындағы оқушылар мен спирттік ішімдік ішкен азаматтар. Соңғы 3 жылдағы мәліметке назар салсақ 2016 жылы 5 адамның суға кетіп қайтыс болуы тіркелсе, оның 2-еуі мектеп жасындағы бала. 2017 жылы 6 оқиғадан қаза тапқан 7 адамның, 3-еуі бала. 2018 жылы 6 оқиғадан 4 ер адам, 2 бала қаза тапқан.
 Орны толмайтын өкініш пен бақытсыз жағдайдың алдын алу бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі  күн жылынысымен-ақ белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның  кезекті отырысында  қаралған мәселе де суға шомылу маусымына қатысты. Мамыр айының 11-16 күндері бөлім қызметкерлері мектеп оқушылары, мұғалімдермен кездесу ұйымдастыруы аталған жағдайларды болдырмауға қам. Мамандар жиі-жиі түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, №250, №105 мектеп-лицейде ата-ана жиналысын өткізсе, №30 орта мектепте білім бөлімі «Көңілді жаз» атты семинар ұйымдастырды. Онда «Өрт және судағы қауіпсіздік» тақырыптарымен баянат оқылды. Кездесу барысында оқушылар мен мұғалімдерге ашық су көзіндегі қауіпсіздік, судағы төтенше жағдайлардың басты себебі, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдынында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан зардап шегетінін барынша баяндауға тырысты. Судағы қауіпсіздік талаптарын білмеу және оларды ұстанбаудан, жүзе білмеуінен туындайтын кедергі, орны толмас олқылық биыл қайталанбаса екен деген тілек бар. Сол үшін тынбай жұмыс істеп, халықты барынша ақпараттандыруға, әлеуметтік желі арқылы қауіпсіздік ережелерін жариялап әлек. Қармақшы ауданының аумағында орналасқан білім беру мектептеріне кесте бойынша қызметкерлер бекітіліп, мектеп оқушыларының жазғы демалыстағы қауіпсіздігі  қадағаланады.     Халыққа қызмет көрсету мекемесі ішінде орналасқан телеэкран арқылы және аудандық орталық алаңындағы «ЛЕД» экраннан байқаған болсаңыз «Судағы қауіпсіздік» және «Өрт қауіпсіздігі» жөнінде күнделікті видеороликтер көрсетілуде. Бұл да қайғылы жағдайдың алдын алуға деген жұмыстың бір көрінісі.
Қармақшы ауданына қарасты 12 ауылдық округ және 2 кентке жақын орналасқан ашық су көздерінің жағаларына «Суға түсуге тыйым салынады» деген ескерту тақтайшалары орнатылыпты. Бірақ мұндай ескертпелерді елемей, тым тәуекел ететініміз тағы бар ғой.
Қармақшы ауданы аумағында арнайы  суға шомылу орындары жоқ, алайда аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және Қармақшы ауданының №5 өрт сөндіру, Байқоңыр қаласының №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері күнделікті «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша» рейдтік жұмыстар жүргізіп, жадынамалар таратуын тоқтатпайды. –
– Алдағы күндері ауданға қарасты барлық ауылдық округті аралап, мектеп жанындағы жазғы тынығу лагеріне барып «Судағы қауіпсіздік» және «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптары бойынша түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз және сол ауылдық округ әкім аппаратының төтенше жағдайлар бойынша жауапты мамандарымен бірге ауылдың маңайында орналасқан су айдындарын аралап, ескерту тақтайшаларын түгендейміз, – дейді қырағы сала мамандары.
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Әрине, ауа температурасы 35-37 градустан жоғары болғанда адам өзен жағасында шомылмауы мүмкін емес, бірақ аз ғана шомылып салқындап аламын деп ойлап, жағажайдағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетеді. Суда болған төтенше жағдайда адамның әрбір минуты қымбат. Егер сіз жақсы дайындықта болып, құтқарушының тәсілдерін, өз-өзіңізді құтқаруды, барлық қауіпсіздік ережесін білсеңіз – әрі нақты шешім қабылдай аласыз. Егер жүзуді білмесеңіз – суға түсуге талпынбағаныңыз абзал.
Себебі, әр адамның өмірі қымбат. Асыға күткен жаз мезгілін, балалардың демалысын тек жарқын да жақсы күндермен есте қалдырайық.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».

24 мамыр 2019 ж. 1 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031