ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕ АУҚЫМДЫ РЕЙД ЖҮРГІЗДІ
Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – су айдынында алкогольдік ішімдіктер пайдалану, өз-өзін шектен тыс бағалау және су жағасында балалардың ересектердің қадағалауынсыз қалуын түсіндірді.
Кейбір демалушылар жағажайда алкогольдік сусынның бөтелкесімен бірге отырады, сонан соң суға сүңгиді. Сондықтан мұндай азаматтарды көрген соң, құтқарушылар оларға жағажайда алкогольді ішімдіктерді ішіп, содан кейін мас күйінде шомылып қайғылы жағдайларға тап болуы мүмкін екенін түсіндірді.
Күн батқан кезде су мен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Осыған байланысты суық суға шомылу және қандағы алкоголь деңгейінің жоғарылауы бұлшықеттің тартылуына себеп болуы мүмкін.
Денедегі бақылаудың жоғалуы судағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.