» » СУДАН ҚҰТҚАРУДА КЕДЕРГІ БАР

СУДАН ҚҰТҚАРУДА КЕДЕРГІ БАР


Қайсыбір жылдары облыс орталығында балаларымен бірге суға шомылуға аттанған ата-анаға көршісі де өз баласын қосып жіберген-ді. Ондағы ойы – бір сергіп қайтсын дегені. «Қырсық шалды» деген осы. Өзінің бес баласы дін аман, әлгі көршінің баласы суға ағып кетті. Әдейі батырғандай болды да, мойнына жауапкершілік алған жан состиып қарап қалды. Құтқара алмады. Өкінішті, әрине. Мамыр айында ауданда суға кету фактісімен екі бірдей қайғылы жағдай болды.
– Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған су айдындарында шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.  Аудан аумағында суға түсуге белгіленген арнайы жағажайлардың болмауы мен суда құтқару стансасының жоқтығы өзінің кері әсерін тигізуде. 16-мамырда бір адам суға абайсыз оқиғадан көз жұмды, ал екіншісі 23-мамырда көлге үлкендердің қадағалауынсыз суға түсу барысында суға батқан мектеп оқушысы еді, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Еламан Ешмағанбетов.
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеуінен болып тұр. Өйткені, кез келген жағдайда қауіпсіздік шарасы басты назарда тұрған абзал.
– Тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылу керек. Сондай-ақ, жүзе білмеген адам белден жоғары келетін суға түспеген абзал. Жағадан алыс, қойылған белгіден алыс жүзбей, қозғалыстағы катерлер мен қайықтарға жақындамай, көпірден немесе қайықтан секірмей, түнгі уақытта және мас күйде шомылмаса, су жағасында жүргенде балаларын көзден таса қалдырмаса, еш оқыс жағдай орын алмасы анық, – деді Еламан Ешмағанбетов.
Әйткенмен, суға түсуге белгіленген арнайы жағажайлардың болмауы мен суда құтқару стансасының жоқтығы балақтан тартып тұр.
Дәулет ҚЫРДАН.
14 маусым 2018 ж. 2 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 187

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930