Құрылтай
» » » Шомылуда абай болыңыз!

Шомылуда абай болыңыз!

Құрметті аудан тұрғындары, бәрімізге белгілі күннің аптап ысуына байланысты күндізгі және кешкі мезгілде өзен, көл немесе каналдарға шомылулардың көбейетіні белгілі. Алайда аудан аумағында орналасқан барлық су айдындарына суға шомылуға тыйым салынады. Өйткені су айдындары суға шомылатын орындарының талаптарына сәйкес келмейді. Қазіргі таңда Қармақшы ауданы бойынша 3 бақытсыз жағдай орын алып, оның 3 азамат суға шомылу барысында қаза болды, оның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер. Осындай бақытсыз жағдайларды болдырмау мақсатында ауданық Ішкі істер бөлімімен суға түсуге тыйым салынған орындарына рейд жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік айыппұл салынып, шаралар көрілуде.
Сол себепті, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін аман алып қалу үшін тыйым салынған орындарға шомылмауға және балаларды бақылаусыз қалдырмауыңызды сұраймын.
Ө.Сақтабаев,
аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі.
14 шілде 2018 ж. 1 921 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 060

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31