» » Жыл басынан бері елімізде 35 адам суға кеткен

Жыл басынан бері елімізде 35 адам суға кеткен

Жалпы биыл жыл басынан бері 35 адам суға кетіп, қайтыс болған. Өкініштісі, оның 15-і – бала. ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері: «Қайғылы оқиғалардың көптеп тіркелуіне тұрғындардың тыйым салынған жерлерге барып шомылуы мен балаларды қадағалаусыз қалдыруы себеп болып жатады», – дейді. Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас әлі де ауыр халде. Олар Жаңаөзендегі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тағы бес адамның түрлі дене жарақатын алғанын айтты. Жағдайлары орташа тұрақты, травматология бөлімінде ем қабылдауда. Ал екі бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Еске салсақ, жол апаты кеше кешкі сағат 8-дер шамасында Ақтау – Жаңаөзен бағытындағы тасжолда болған. Жеңіл көлік қарама-қарсы бетте келе жатқан машинаға соғылған. Оның бірі толығымен жанып кеткен. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу шаралары басталды. Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы: – Осы дерек ҚР қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 1-тармағымен Жаңаөзен қалалық бірыңғай соталды тергеу тізіліміне енгізілді. Алдын ала болжам бойынша «Лексус» көлігін тізгіндеген азамат кінәлі деп танылды. Ол басып озу кезінде қарама-қарсы келе жатқан көлікпен арадағы қашықтықты сақтамай, 8 адамның өміріне қауіп төндірді. 

11 маусым 2018 ж. 1 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930