» » БАТУТ ҚАУІПСІЗ БЕ?

БАТУТ ҚАУІПСІЗ БЕ?

Балаңыз қауіпсіз бе? Әрине жаз басталғалы демалыс маусымы ашық. Ойын алаңқайлары аз болғанымен серуен құратын саябақтар бар. Асыға күткен жазғы демалыста балалар уақытын ойын алаңында өткізеді. көбіне батутта ойнайды. Ал сақтық шаралары қадағаланбаса оқыс оқиғаның орын алуығажап емес. Біздегі батут қаншалықты қауіпсіз? 
Батуттарды құжатсыз орнатуға болмайды. Кәсіпті нәсіп еткен жеке кәсіпкерлерге қойылған талап осындай. Ішіне жел толтырылған балалардың сүйікті ойыншығы кейде тіпті «жауыздай». Сақтық шаралары дұрыс жүргізілмегеннен мерт болғанын да көз көріп жүр. Үстіміздегі жылы ҚР ІІМ қарасты Төтенше жағдайлар коми­тетінің төрағасы Владимир Беккер батуттардың есебі мен бақылауға алу жұмысын қатаң түрде қолға алды. Оның үстіне балаларға арналған ойын алаңдарын тексеру, оның иесіне қауіпсіздік ережесін түсіндіру туралы бұйрығы шықты. Сала мамандары барлық аттракцион мен батутты санауда. Ай басындағы есебі бойынша барлығы 339 балалар аттракционы тексерілген. Оның ішінде 84-і – стационарлы, 254-і –  үрлемелі батут. Бұл ақырғы цифр емес, санау жұмысы жалғасуда. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше,  ауданда 6 батут орналастырылған. «Демалыс саябағында» екі батут болса, «Малике ана» мейрамханасының ауласында, Томанов, Тұрмағамбет көшесінде, Төретам кентінде орналастырылған батуттар балаларға қызмет етіп тұр. Оның қауіпсіздігін тексеру үшін сала мамандары апта сайын рейд жұмысын жүргізеді.
– Егер ауа-райында қатты жел  болмаса дауылдың болатыны жөніндегі дабылды ескерту түскен жағдайда ойын батуттарын құрмаған жөн. Мүмкіндігінше батутты ашық жерге орнатпау керек. Оның орналасқан жері тегіс, құрғақ болу қажет. Батутта ең кем дегенде 2 адам қызмет көрсетеді. Оның маңында темекі шегуге болмайды. Сонымен бірге балалар қолсағат, алқа сынды бұйымдармен мінбегені дұрыс, – дейді аудандық тө­тенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны С.Абжаева.
Мәселен, дүкеннен кез келген тұрмыстық құрылғыны сатып алсаңыз, қорапшасының ішінде оны қалай пайдалану керегі туралы нұсқаулығы болады. Ол нұсқаулықтың алғашқы сөйлемінде «осыны оқымай құрылғыны пайдаланбаңыз» делінген. Батуттарда да солай. Егер батут жұмыс істеп тұрса, ол сертификатталып, қауіпсіздік шартына сай келуі тиіс. 
–   Техникалық талаптардан бөлек, он­да бекіту ережелері, пайдалану шарттары да болуы тиіс. Бір батутта 3 жастағы және 15 жастағы бала бір уақытта секіріп жүрмеу керек. Яғни жас бойынша, салмақ бойынша санаттар болуы тиіс. Ойлап қарасаңыз, 40 келілік бала батутқа секіріп қалса, 10 келілік бала сыртқа ұшып кетуі мүмкін, –дейді С.Абжаева.
Жасыратыны жоқ, санаулы батут иелерінің басым бөлігінде құжат жоқ. Көбі қолдан-қолға сатылған. Қауіп айтып келмейді. Батутқа қатысты төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жауапкершілік меншік иесіне жүктеледі. Ата-ана да баласын назарда ұстаған жөн.
Айнұр ӘЛИ
03 шілде 2019 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031