Конституция
» » ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ОРТАҚ ІСКЕ ЖҰМЫЛҒАН ЖҰРТ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ОРТАҚ ІСКЕ ЖҰМЫЛҒАН ЖҰРТ

Өткен сенбіде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аудан көлемінде кең ауқымда ұйымдастырылып, көпшіліктің белсенді қолдауына ие болды. Игі шараға аудан тұрғындары, бөлім және мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілікке қатысушылар елді мекен аумақтарын тазалап, көшелер мен аулаларды ретке келтірді. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, аудан аумағына жас көшеттер отырғызылды. Экологиялық акция барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, тазалық мәдениетінің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көше мен ауладан басталуы керек. Біздің жеріміз бен елімізді сырттан келіп ешкім көркейтпейді, тазартпайды. Сондықтан әр тұрғын туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Барша жерлестерімді осындай игі істердің ұйытқысы болуға шақырамын. Тазалық шарасына қатысып, белсенділік танытқан барлық азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Тазалық – біздің басты құндылығымыз. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін, – деді аудан басшысы.
Шарада аудан әкімі сенбілік жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген бірқатар тұрғынды Алғыс хатпен марапаттап, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, экологиялық акцияның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ақжарма тілегін жеткізді. Туған жердің тазалығы мен көркеюі – барша азаматқа ортақ міндет.
Акция соңында аудан басшысы мен тұрғындар бірлесіп тал егу шарасына қатысты. Ауданның ажарын ашатын бұл бастама көпшіліктің көңілінен шығып, ел бірлігін нығайтқан маңызды шаралардың біріне айналды.
«ҚТ» ақпарат
26 мамыр 2026 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031