Құрылтай
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға мекеме басшылары мен ұжымдары, жастар және еріктілер белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Санитарлық-тазалық жұмыстары барысында орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы ретсіз өскен арам шөптер оталып, тұрмыстық қалдықтар арнайы техниканың көмегімен шығарылды.

Тазалық шаралары тек аудан орталығында ғана емес, барлық елді мекендерде де қарқынды түрде жүргізілді. Сенбілік аясында көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, жасыл желектер отырғызылды.

Сенбілік барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар тазалық нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, тазалыққа үлес қосып жатқан азаматтарға алғысын білдірді.

31 мамыр 2025 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 063

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31