» » ҚАРМАҚШЫДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ҚАРМАҚШЫДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қоршаған ортаның тазалығы – әр азаматтың жауапкершілігі. Осы бағытта «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында киелі Қармақшыда аудан басшысының тапсырмасымен санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.

Бүгінгі сенбілікке қармақшылықтар ерекше белсенділік танытып, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде ауқымды жұмыстар атқарылды. Бөлім, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен еріктілер бірлесіп, белгіленген аумақтарды тазалап, туған жердің келбетін көркейтуге өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, арықтар тазартылды. Ретсіз өскен арам шөптер жойылып, ағаштар әктеліп, абаттандыру шаралары жүргізілді. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орынға шығарылды.

Құрметті қармақшылықтар!

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. «Таза аудан – жарқын болашақтың кепілі» екенін ескерсек, әрбіріміз өз ауламыздан, өз көшемізден бастап тазалықты сақтауға үлес қосайық. Осындай игі бастамаларға белсене қатысып, ауданымыздың көркеюіне бірге атсалысайық!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12 сәуір 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 829

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930