» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАРМАҚШЫДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАРМАҚШЫДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өткен болатын.

Қармақшылықтар бұл игі іске белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Аудан аумағында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі шараға аудан орталығымен қатар барлық кент және ауылдық округтердің тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері, жастар және еріктілер белсене атсалысты.

Сенбілік барысында орталық көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арықтар тазаланып, ретсіз өскен арам шөптер жойылды. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен шығарылды.

Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Барша тұрғындарды ауданымыздың тазалығын сақтауға және игі бастамаларға белсене қатысуға шақырамыз!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 сәуір 2026 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 263
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 421

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30