» » ТАЗАЛЫҚҚА ТАЛАП БОСАҢСЫМАЙДЫ

ТАЗАЛЫҚҚА ТАЛАП БОСАҢСЫМАЙДЫ


Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағын тазарту және абаттандыру мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер де тартылды. Тазалық жұмыстары барысында орталық көшелер, қоғамдық орындар мен алаңдар ретке келтіріліп, шөптер мен ретсіз өскен өсімдіктерді жұлу, әктеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тасталған қоқыстар тазаланып, арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Мұндай жұмыстар тек аудан орталығында ғана емес, ауданымыздың барлық елді мекендерінде сенбілік шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті!

05 қазан 2025 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930