» » СЕНБІЛІК – ӨЗ ОРТАҢА ЖАНАШЫРЛЫҚ

СЕНБІЛІК – ӨЗ ОРТАҢА ЖАНАШЫРЛЫҚ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағын тазарту және абаттандыру мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер тартылды.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, арам шөптерді жұлу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жиналған қоқыстар арнайы техникалармен аудан сыртына шығарылды.
Негізінде қоршаған ортаны, өмір сүрген айналаны таза ұстау – әр адамның азаматтық борышы. Табиғатты аялау арқылы өзімізге, отбасымызға, елімізге пайда әкелеміз. Бір күндік еңбек – келешек ұрпаққа жарқын үлгі. Сондықтан әр азамат сенбілікке белсене қатысып, туған жерінің тазалығы мен көркіне өз үлесін қосуы тиіс.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып, аудан аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 тамыз 2025 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930