» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Бүгін Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру мақсатында жалпыхалықтық сенбілік өткізілді.

Шараға аудан әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдары мен еріктілер қатысты. Кент және ауылдық округтерде ұйымдастырылған сенбілік барысында көшелер, саябақтар, аулалар, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Жиналған қалдықтар арнайы техникамен аудан аумағынан шығарылды.

Сенбілік жұмыстарының орындалу барысын аудан әкімі Жандос Еркінбек бақылап, санитарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды. Аудан басшысы қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және абаттандыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы шаралар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

05 сәуір 2025 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 785
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 227

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930