Ауданда сенбілік жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Бүгін аудан көлемінде санитарлық тазалық, көркейту – көгалдандырудың 2 айлығына байланысты Жосалы кенті мен барлық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстары барысында көшелердегі күл-қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Туған жерге деген сүйіспеншілігі мол аудан тұрғындары өз қолдарымен қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарды. Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі.

Соның ішінде, аудан әкімі аппараты, кент әкімі аппараты, ауылдық округтерде сенбілік қызу түрде ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табатын болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі