» » ҚАРМАҚШЫДА КЕҢ КӨЛЕМДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА КЕҢ КӨЛЕМДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ


Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен бүкіл аудан көлемінде сенбілік өтті. Таңертеннен күрек, қалақ, сыпырғы ұстаған аудан тұрғындары көшесі бойын тазалап, күл-қоқыстан тазартып, ағаш түбін қопсытып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.
Арнайы көліктер қоқыстарды аудан сыртына шығарды. Сондай-ақ «Этно саябақта» кенттегі «Ардагерлер аллеясы» мен «Жастар саябақтарында» кәсіпорын ұжымдары кент әкімшілігімен бірлесе отырып саябақтар ішін тазартты.
Туған жерге деген сүйіспеншілігі мол аудан тұрғындары өз қолдарымен қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарды. Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі.
Жалпы аудан сенбілік үстінде. Қызу түрдегі қыруар еңбектер көшелердің шырайына шырай қоса түскендей.
Соның ішінде, аудан әкімі аппараты, кент әкімі аппараты, спорт мектектептерінде сенбілік қызу түрде ұйымдастырылды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мырзабаев Нұрболдың жұмылдырылған қызметкерлер кент көшелері мен аулаларының тазаруына мол үлестерін қосты. "Алдағы уақытта да бұл шара аяқсыз қалмайды", - дейді сенбілікке атсалысушылар.
Ауданымыздың аумағын санитарлық тазалау және көркейту-көгалдандыру мақсатында өткізілген сенбілікте бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мәселен, сенбілікке аудан бойынша 10507 адамдар қатысты. 8,5 шақырым жол жиектері, 10,3 шақырым арық жүйелері тазаланып, 1050,3 текше метр күл-қоқыс шығарылды, 5143 дана ағаш әктелінді. Жұмысқа барлығы 30-ға жуық техника жұмылдырылды.
16 наурыз 2019 ж. 1 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728