» » АУДАНДА СЕНБІЛІК СЕРПІН АЛДЫ

АУДАНДА СЕНБІЛІК СЕРПІН АЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы негізінде ауданда ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан көлеміндегі барлық бөлім, мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар және тұрғындар белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сондай-ақ сенбілік жұмысына аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, тазалық акциясына белсене атсалысты. Аудан басшысы елді мекендерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды аралап көріп, санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстардың сапасын бақылады. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына бұл бағытта тапсырмалар беріп, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Ауқымды шараға ауданға қарасты 2 кент және 12 ауылдық округ тұрғындары жұмыла қатысып, көше бойларын, қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын тазартты. Сенбілік барысында шөп шабу, ағаштарды әктеу, сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жиналған қоқыстар арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
«ҚТ» ақпарат
22 мамыр 2026 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30