» » КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮН ҚОСТЫ

КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮН ҚОСТЫ

Елдегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы апта сайын жалғасын тауып келеді. Осы орайда аудан халқы да сенбіде кент тазалығына жауапкершілікпен қарап, көшелерге тазалық жұмысын жүргізді. Іс-шараға мекеме басшылары мен ұжымдары, жастар және еріктілер белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Санитарлық-тазалық жұмыстары бары­ сында орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы ретсіз өскен арам шөптер оталып, тұрмыстық қалдықтар арнайы техниканың көмегімен шығарылды.
Тазалық шаралары тек аудан орта­ лығында ғана емес, барлық елді мекендерде де қарқынды түрде жүргізілді.
Сенбілік аясында көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, жасыл желектер отырғызылды. Сенбілік барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар тазалық нысанын ара­ лап, атқарылып жатқан жұмыстардың ба­ рысымен танысты. Аудан басшысы жауап­ ты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, тазалыққа үлес қосып жатқан азаматтарға алғысын білдірді.
«ҚТ» ақпарат
07 маусым 2025 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 248
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 792

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930