» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» - ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ


«Тазалық – табалдырықтан басталады» дейді дана халқымыз. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен жастар белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, сенбілікке қатысушылар елді мекен аумақтарын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Мазмұнды экологиялық акция барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп:
«Тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көше мен ауладан басталуы керек. Біздің жеріміз бен елімізді сырттан келіп ешкім көркейтпейді, тазартпайды.
Осы орайда барша жерлестерімді тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамын. Сондай-ақ бүгінгі тазалық шарасына қатысып, белсенділік танытып отырған барша тұрғындарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Тазалық – біз үшін басты құндылық. Келешекте де осындай игі бастамалар өз жалғасын табады деп сенемін. Еліміз аман, ауданымыз гүлдене берсін»,- деді.

Сондай-ақ аудан басшысы тазалық жұмыстарына белсенді қатысып жүрген бірқатар аудан тұрғындарына «Алғыс хатын» табыстады.

Ауқымда шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, акция қатысушыларына ізгі тілегін жеткізді.

Ауданның көркеюіне бағытталған игі бастама аясында Жандос Еркінбек және барша тұрғындар тал егу шарасына қатысып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 мамыр 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 829

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930