» » ЖАСӨСПІРІМ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ЖАСӨСПІРІМ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Байқоңыр қаласында жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбиесіне бағытталған маңызды жиын өтті. №277 мектеп-лицейінде аудан әкімінің тапсырмасымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында кеңейтілген мәжіліс ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының өкілдері, білім саласының мамандары, ата-аналар комитеттері мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты.
Жиынның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылау болды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, қала прокурорының міндетін атқарушы Арман Жаппасбаев, Байқоңыр қалалық сотының судьясы Бибігүл Абубәкірова, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Мұндай құрамдағы кеңейтілген басқосу қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың бірлескен әрекетінің маңызын айқындай түсті.
Мәжіліс барысында білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасап, білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігін сақтау, әлімжеттік пен топтық төбелестерге жол бермеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, түнгі рейдтердің ұйымдастырылуы, ата-аналармен бірлескен түсіндіру жұмыстары және құқықтық тәрбие беру іс-шараларының нәтижелері туралы мәлімет берді.
Жиында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың туындау себептері де кеңінен сараланды. Мамандардың пікірінше, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырмау, интернеттегі теріс ақпараттардың ықпалы, ата-ана бақылауының әлсіреуі және әлеуметтік орта факторлары тәртіп бұзушылықтарға әсер ететін негізгі себептердің қатарында. Осыған байланысты қатысушылар профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдары арасындағы байланысты одан әрі нығайту қажеттігін айтты.
Әсіресе жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Су айдындарында, ойын-сауық орындарында және қоғамдық жерлерде қауіпсіздік талаптарын сақтау, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңсыз жүруінің алдын алу – күн тәртібіндегі маңызды тақырыптың бірі болды. Жиынға қатысушылар жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі спорттық, мәдени және танымдық шараларды көбейту жөнінде ұсыныстар білдірді.
Сондай-ақ интернет қауіпсіздігі мәселесі де кеңінен қозғалды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформалардың балалар тәрбиесіне ықпалы күшейіп отырғаны белгілі. Осыған байланысты атааналарға баланың интернеттегі әрекетін бақылау, зиянды контенттен қорғау және цифрлық сауаттылықты арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде бірқатар ұсыныс қабылданды.
«ҚТ» ақпарат
29 мамыр 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

29 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 195
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 757

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031