«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» АЙЛЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде Байқоңыр қаласы №277 мектеп-лицейінде «Адам құқықтары және оларды қорғау жолдары» тақырыбында мазмұнды құқық сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін терең түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары, ел болашағына үлес қоса алатын саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Аталған құқық сағатына құрметті қонақтар арнайы шақырылып, өз салалары бойынша тағылымды ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Ж.Үсен, Байқоңыр қаласының прокуратурасы прокурорының орынбасары А.Жаппасбаев, Байқоңыр қалалық сотының судьясы А.Қазкенов, ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастығының орынбасары С.Алиев қатысып, оқушылармен ашық әрі мазмұнды сұхбат жүргізді.
Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Қанатбекқызы, Қармақшы аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Бердібекұлы іс-шараның өтілу барысына жоғары бағасын беріп, шәкірттерді алғыс хаттармен марапаттап, өмір жолдарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері заң тілінің маңыздылығына, адам құқықтарын сақтаудың қоғамдағы орнына, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарына кеңінен тоқталды. Қонақтар өмірден алынған нақты мысалдар арқылы заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын айқындады.

















