Байқоңыр қалалық сотының төрағасы тағайындалды
Қызылорда облысының әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Ы.Нұртайдың төрағалығымен орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті.
Актив отырысында Қызылорда облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.С.Бекжанов Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №768 Жарлығын қатысушыларға таныстырды.
Аталған Жарлыққа сәйкес, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы болып Жанәділ Абылайұлы Үсен тағайындалды.
Осы Жарлықпен Қызылорда облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Байқоңыр қалалық сотының судьясы Шевцова Елена Евгеньевнаны құрметті отставкаға шығуымен құттықтап, сот жүйесінің дамуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қосқан ерекше үлесін айта келіп, абыройлы қызметі үшін алғысы мен игі тілегін білдірді. Елена Евгеньевна Шевцоваға арнайы алғыс хаттар мен сый-сыйапаттар табысталды.
Жанәділ Абылайұлы Үсен - Түркістан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2010-2020 жылдар аралығында сот саласында түрлі қызметтер атқарған. Судьялық еңбек жолын 2020 бастап жылдары Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотының судьясы, 2024 жылдан бастап Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі