» » Сот қызметкерлері арасында шығармашылық байқау өтті

Сот қызметкерлері арасында шығармашылық байқау өтті

Сурет Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығына орай, судьялар мен сот қызметкерлері арасында «Сыр соттары – әділдік айнасы» атты шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – соттың құрылу тарихын насихаттау, судьялар мен мамандардың арасында шығармашылықты дамыту.
Өнер сайысына Қызылорда қалалық және №2 қалалық соттарынан құрылған «Тұмарымыз – Заңымыз», Байқоңыр қалалық, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандық соттарынан құрылған «Төрелік» командасы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық соттарынан құрылған «Ақиқат», Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған соттардан құрылған «Фемида» командалары қатысты.
Байқау қатысушыларының өнерлерін оставкадағы судья З.Жаңбыршаева, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Текетаев, облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, облыстық соттың судьясы Ш.Маликова, Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Бөрібаев бағалады.
Байқау 2 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде байқауға қатысушылар өлең оқып, ән айту арқылы өз командасын таныстырды.
Екінші кезеңде командалар істерді қарау, дауды медиация тәртібімен реттеу, отбасы құндылықтарын сақтау тақырыптарын қозғайтын сахналық қойылымдарды көрермен назарына ұсынды.
Байқау кезеңдерінің арасында сергіту сәті ретінде Қызылорда облыстық сотының тарихына қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын тапқан көрермендерге сыйлықтар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік сәлемдесу» номинациясымен «Тұмарымыз-заңымыз» командасы, «Үздік көрініс» номинациясымен «Фемида» командасы, «Үздік өнер тобы» номинациясымен «Төрелік» командасы марапатталды.
Ал, «Ақиқат» командасы байқаудың жеңімпазы деп танылды.
Шара соңында Қызылорда облыстық сотының мамандарымен облыстық соттың 85 жылдығына арнайы дайындалған әсем әуен шырқалды. Сонымен қатар, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
24 қараша 2023 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930