«Ата Заңымыз - Абыройымыз»
Байқоңыр қалалық сотының ұйымдастыруымен «Ата Заңымыз - Абыройымыз» атты командалық құқықтық турнир өтті.
Мемлекетіміздің негізгі заңы 1995 жылы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданған болатын.
Осы мерейлі мереке қарсаңында Байқоңыр қалалық сотының ұйымдастыруымен «Ата Заңымыз - Абыройымыз» атты командалық құқықтық турнир ұйымдастырылды.
Төраға Т.Жүсіпов мерекелік іс-шараны ашып, келген қонақтарды Ата Заңымыз Конституция күнімен құттықтады. Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өттіп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құқықтық турнирге Байқоңыр қалалық сотынан, Байқоңыр қалалық прокуратурасынан, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалынан және Төретам кенті әкімдігі мен Ақай ауылдық округі әкімдігінен командалар қатысты. Сайысқа сот төрағасы Т.Жүсіпов, қала прокуроры Н.Рахметов, Билер кеңесінің төрағасы Ж.Ермеков, ардагер судья Қ.Нүрпейісова қазылық етті.
Үш кезеңнен тұратын турнир қорытындысы бойынша 1-орын Байқоңыр қалалық Соты. 2- орынды Төретам кенті əкімі аппараты. 3-орынды Байқоңыр қалалық прокуратурасы өз қанжығаларына байлап, қазылар алқасымен мақұлданған арнайы дипломдарды иеленді. Сонымен қатар, бірнеше облыстық, аудандық конкурстар мен жарыстардың жеңімпазы Əріптесіміз Төретам кенті əкімі аппаратының жетекші маманы Каракеева Рауабану Жетесқызы Байқоңыр қалалық Сотының төрағасы Т.Жусуповтың "ерекше тапқырлық" номинациясы бойынша арнайы дипломымен марапатталды.