Құрылтай
» » Қызмет көрсету бұрышы

Қызмет көрсету бұрышы

Байқоңыр қалалық, сотының ғимаратында құқықтық қызмет көрсету бұрышы ашылды. Құқықтық қызмет көрсету бұрышының қызметімен сот төрағасы таныстырды.
Ашылу рәсіміне Ақай ауылдық округі мен Төретам кенті әкімдері, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, адвокаттар, медиаторлар және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, сот мамандары қатысты.
Құқықтық көмек көрсету бұрышы - халыққа құқықтық қызмет көрсету үшін, олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсету мақсатында ашылып отыр. Бұл өз кезегінде тараптардың арасындағы дауды сотқа дейін шешуді көздейді.
Алдағы уақытта бұрышта халыққа құқықтық қызмет көрсету мақсатында ХҚКО-нің, медиаторлардың, адвокатура органдарының өкілдері күнделікті ақысыз қызмет жасайтын болады. Ал, сот қызметкері азаматтарға сотқа жүгінудің жолдарын, талаптарын түсіндіруге көмектеседі. Бұл сот құжаттарын беру механизмін жеңілдетіп, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеп, бюрократиялық кедергілерді азайтады.
Іс-шара соңында қатысушылар соттармен атқарылып жатқан игі жұмыстарға оң бағаларын беріп, жаңадан көрсетілетін қызметтің жүзеге асырылуына сәттілік тіледі.
15 ақпан 2018 ж. 2 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 588
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 050

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31