» » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ» АТТЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Ауданымызда жастар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы, аудан прокуроры Нұрбек Келсімұлы және жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мекеме-кәсіпорын басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі және әйелдер кеңесінің төрағалары, ата-аналар комитетінің өкілдері, аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар қатысты.

Кеңейтілген мәжілісте білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы білім беру ұйымдарындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы әлімжеттік пен топтық төбелестің алдын алу, түнгі рейдтік жұмыстардың ұйымдастырылуы, ата-анамен бірлескен профилактикалық жұмыстар және құқықтық тәрбие бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында құқық қорғау органдары тарапынан аудан көлеміндегі құқықтық ахуал сараланып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары талқыланды. Жастар тәрбиесінде отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен жауапкершілігі ерекше екені айтылып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен қауіпсіз орта құру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет екенін жеткізді.
18 мамыр 2026 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 808

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930