» » Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы нақты тапсырмалар берілді

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы нақты тапсырмалар берілді


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен «Есірткі қылмыстарының алдын алу» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ селекторлық режимде кент, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен іс-шараларын анықтау мәселесі қаралды.

Аудан басшысы Бас Прокуратураның бастамасымен облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында ауданда нашақорлықтың алдын алу, есірткімен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Жиын барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізе отырып, халық арасында қылмыстылыққа қарсы иммунитетті нығайту қажеттілігін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға есірткі қылмыстарымен күресті күшейту және халықты ақпараттандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

06 қараша 2024 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930