» » Адал ұрпақ.Саналы жасөспірім.Кемел келешек.

Адал ұрпақ.Саналы жасөспірім.Кемел келешек.


Кеше аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры, полиция бөлімінің бастығы және бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Келелі жиынның күн тәртібінде білім саласының өзекті мәселелері талқыланып, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жиынға қатысушыларды білім сапасын арттыруға, балаларға жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақыра отырып, 2023-2024 оқу жылы бойынша білім бөлімінің жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шаралар жоспары аясында атқарылған жұмыстар жүйесін тыңдады.

Осы ретте аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы салада осы мақсатта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Баяндама барысында білім бөлімі басшысы балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысында аймақ басшысы және облыс прокуроры мен полиция департаменті бастығының «Білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі» үш жақты «ЖОЛ КАРТАСЫ» және «2024-2025 жылдарға арналған құқықбұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейб темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» барысында басшылыққа алынып жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Аталған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары негізінде мүдделі органдармен, прокуратура қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен бірлесе жүргізілген жұмыстар легін баяндады.

Айта кетуіміз керек, балалар бойында туған жерге, Отанға деген құрметті арттыру, ұлы мақсатттарға жету жолында жақсы білім алып,адал еңбекпен армандаған жетістіктерге жетуге болатындығын және бала бойындағы жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сананы жетілдіру мақсатында «Армандар орындалады» жобасы жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.

Сондай ақ, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, қазіргі таңда «Интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» барысындағы ата-аналармен жүргізілген түсіндірме жұмыстарын тілге тиек етті.

Сонымен қатар жасөспірімдердің бос уақытында түрлі сайттарға, әлеуметтік желілерден қандай мәлімет алатындығы, қандай әлеуметтік желілерге тіркелгендігін алдағы уақытта да қатаң бақылауға алу керектігін ата-аналармен ұстаздар қауымына тапсырды.

Білім бөлімі басшысы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала отырып, білім беру ұйымдарындағы бала қауіпсіздігін талапқа сәйкестендіру барысындағы қолға алынған тиісті қауіпсіздік шараларын да атап өтті.

Мәжіліс соңында білім бөлімі басшысына аудан әкімі құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, әлі де күн тәртібінен түспейтін тұрақты рейдтерді күшейту, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде құқықбұзушылық, буллинг, лудоманияның зияны, тағы да басқа тақырыптарды ақпараттандыру, кәмелет жасына толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар барысын атқаруды тапсырды.

29 мамыр 2024 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031