» » Білім сапасын арттыру барысындағы алқалы жиын өткізілді

Білім сапасын арттыру барысындағы алқалы жиын өткізілді


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның басқаруымен білім саласының өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі кент орталығында өткізілді.

Кеңейтілген мәжіліске аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу, тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, Байқоңыр қаласы мен Төретам және Ақай елді мекендерінің мектеп директорлары мен мектеп директорларының орынбасарлары ЗООМ платформасы арқылы қатысты.

Күн тәртібінде білім беру ұйымдары бойынша ҰБДҚ (НОБД),электронды күнделіктің толтырылуы, отбасының цифрлық картасы және цифрландыру бағытындағы шаралар туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, ҰБТ-ге дайындық және «Алтын белгіге» үміткерлерді саралау жайлы, кент мектептері мен елді- мекен мектептеріндегі оқу- тәрбие процесінде жүргізіліп жатқан жұмыстар, 2023 жылдың 11 ай қортындысы бойынша құқық бұзушылықтың, буллинг, лудоманияның алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар барысын тыңдады.

Талқыға түскен мәселелер барысына білім бөлімі басшысы арнайы тоқталып, жүргізілген жұмыстарға өзіндік талдау жасап, жан-жақты қарады.

Алқа мәжілісі соңында Гүлзира Мажитқызы баяндамашылар тарапынан ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығарып, білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасын арттыру барысында басты назарға алуға тиісті тапсырмаларын жүктеді.

12 желтоқсан 2023 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 206

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930