Кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі
Бүгін аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның басқаруымен білім саласының өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Кеңейтілген мәжіліске аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу, тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, ҰБТ-ге дайындық және «Алтын белгіге» үміткерлерді саралау жайлы, Байқоңыр қаласындағы мектептердегі оқу- тәрбие процесінде жүргізіліп жатқан жұмыстар, ҰБДҚ (НОБД), электронды күнделіктің толтырылуы, отбасының цифрлық картасы және цифрландыру бағытындағы шаралары туралы, 11 ай қортындысы бойынша құқық бұзушылықтың, буллинг, лудоманияның алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар барысы тыңдалды.
Білім бөлімі басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, жүргізілген жұмыстарға өзіндік талдау жасап, жан-жақты талқылады. Мәжілісте ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығарып, білім беру ұйымдарының басшыларына басты назарға алуға тиісті тапсырмаларын жүктеді.
Сондай-ақ, Гүлзира Мажтитқызы мәжіліс соңында №277 мектеп- лицейінің директоры, ардақты ұстаз Тілеуғабылова Жұмагүл Косжанқызын арнайы құттықтап, кәсіби тұрғыда білікті басшы бола білгендігі мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, құрметпен зейнет жасына шығарып салды.