» » Кеңейтілген кезекті алқа отырысы өткізілді

Кеңейтілген кезекті алқа отырысы өткізілді


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның басқаруымен білім саласының өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысына аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің заңдылыққа сәйкес жүргізілуі, №29, №106, №185, №272, №274 мектептерге жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы және №28, №106, №108, №199 мектептер бойынша 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының барысы, сондай-ақ, деструктивтік діни ағымдарды ұстанушылармен жүргізілген жұмыстар жайы тыңдалды.
Білім бөлімі басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, білім сапасын арттыруда атқарылған әрбір жұмысқа өзіндік талдау жасап, жан-жақты талқылады. Мәжілісте ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге келелі шешім шығарып, білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасын арттыру, рухани, патриоттық тәрбие беру, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жан-жақты үйлестіруді және білім ордаларындағы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын басты назарға алуға байланысты тиісті тапсырмаларын жүктеді.
Сондай-ақ Гүлзира Мәжитқызы мәжіліс соңында айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айына орай ақжарқын тілегін арнап, ыстық лебізін білдірді. Білім бөлімі жанындағы кәсіподақ ұйымының қолдауымен Ораза ұстап, ауыз бекіткен сала қызметкерлеріне ауызашар жиынтығын таратып, құрмет көрсетті.
06 сәуір 2023 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 905
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 607

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930