» » Аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті

Аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті


Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының және білім беру ұйымдарының басшылары және ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Күн тәртібінде колледж студенттерін кешкі мектепке ауыстыру жөніндегі өтініштер қаралып, бала құқығын қорғау, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстары талқыланды.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызының «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие, психологтардың жұмыстарына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы» туралы баяндамасы тыңдалды.
Жиында комиссия төрағасы Ж.Ерқосаев аудандағы мүдделі мемлекеттік орган басшыларына оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, құқық-бұзушылықтың алдын-алу мақатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің түнгі мезгілде бей-берекет жүрмеуін қадағалау жұмыстарын үйлестіруді тапсырды.
Сондай-ақ, бала тәрбиесі ісінде өрескел олқылықтарға жол берген қызметкерлерге заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдау жөнінде комиссия шешімі шығарылып, білім беру ұйымдарының басшыларына қатаң ескертулер жасалды.

18 наурыз 2022 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30