» » Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті


Жуырда аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, №121 мектеп әкімшілігі, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері онлайн режимде қатысты.
Жиында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Оспан Қосжанұлы, «Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебі оқушыларымен орын алған қылмыстық жағдай туралы» мектеп директоры Жұмабаев Болат Мәлікұлы баяндама жасады.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет-қылықтардан аулақ болуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігі айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

26 қаңтар 2022 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728