» » Аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

Аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысты аудандық мәслихат депутаты, кеңес төрағасы Дауленбаева Шолпан Әнуарқызы төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Аталған кеңес отырысының күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша Жол картасындағы біз медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын және білім беру сапасын арттыру бойынша индикаторлардың орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты Қармақшы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала мәселесі жөніндегі орынбасары Сарыбаева Пәрида Ергешқызы, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Игембаев Ержан Куандыкович және аудандық білім бөлімінің бас маманы Тоғызбаев Жомарт Мархабатұлы хабарлама жасады.
Жиын барысында кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кеңес отырысына ұсынылған мәселелер толығымен қаралды.
15 қараша 2021 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930