» » Жастарды қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жастарды қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Отырысты аудандық мәслихат депутаты, кеңес төрағасы Қабатова Индира Серікқызы төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Отырысқа тиісті бөлім, мекеме басшылары және кеңес мүшелері қатысты.
Аталған кеңес отырысының күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша Жол картасындағы бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау және жастарға арналған аудан бойынша индикаторлардың орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Омаров Асет Тұрмаханұлы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Әбдікеров Еркебұлан Өмірсерікұлы, аудандық аграрлы-техникалық колледжінің директоры Сайдулла Бауыржан Сайдуллаұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әділбеков Сырым Смаилұлы хабарлама жасады.
Отырыс барысында кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кеңес отырысына ұсынылған мәселелер толығымен қаралды.
24 қыркүйек 2021 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728