» » Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті

Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті


«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Отырысты аудандық мәслихат депутаты, кеңес төрағасы Жалғасбаев Жомарт Жақсылықұлы төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Омаров Асет Тұрмаханұлы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркебаев Ерлан Мырзабекұлы және кеңес мүшелері қатысты.
Аталған кеңес отырысының күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша Жол картасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша индикатордың орындалу барысы туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Омаров Асет Тұрмаханұлы хабарлама жасады.
Отырыс барысында кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, кеңес отырысына ұсынылған мәселелер толығымен қаралды.

23 қыркүйек 2021 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728