Кезекті кеңейтілген алқа отырысы
qarmaqshy-tany.kz Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның басқаруымен білім саласының өзекті мәселелері бойынша кезекті кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Қармақшы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында білім алатын балаларға тамақтандырудың сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптама топ құрамымен жүргізілген мониторинг қортындысы баяндалса, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген зерделеудің қортындысы мен мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілуі туралы атқарылған жұмыстар жайы тыңдалды.
Білім бөлімі басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге арнайы тоқталып, жүргізілген жұмыстарға жіті талдау жасап, жан-жақты талқылады. Соның ішінде білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың бір реттік ыстық тамақпен қамтылуы барысындағы асхана жұмысының санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасын арттыру мен дәмді дайындалуына әлі де аса мән берілу керектігі айтылып, балалардың тамақтану барысындағы қауіпсіздік шаралары үнемі басты назарда болуы керектігін мектеп басшыларына қатаң ескертті.
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ҚР Оқу-ағарту министірлігінің 2022 жылғы 27 тамызындағы №381 бұйрығымен бекітілген Қағиданың талапқа сай орындалуын қадағалау барысындағы зерделенген жұмыстардың қортындысын тыңдап, анықталған кемшіліктер бойынша балабақша меңгерушілеріне мерзімді уақыт беріп, тиісінше тапсырмалар берді.
Соңғы күн тәртібіндегі көтерілген мәселе бойынша білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілуі барысына тоқталып, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру бағытында бірнеше қадамдарға тоқталып, мәжілісте ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығарды.