» » Бала тәрбиесіне терең мән берілу керек

Бала тәрбиесіне терең мән берілу керек

qarmaqshy-tany.kz Аудандық мәдениет үйінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – болашақтың тірегі» тақырыбында тәрбие саласы бойынша білім қызметкерлері мен ата-аналардың бірлескен кеңесі өтті.

Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Жандос Еркінбек, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мен ата-аналар, білім саласының қызметкерлері, ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Кеңейтілген кеңестің күн тәртібіне сәйкес, білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева «Аудандағы білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы», аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бақытбек Жарқынбаевтың «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» және аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала мәселесі жөніндегі орынбасары Фарида Сарыбаеваның «Жасөспірімдердің психикалық және репродуктивті денсаулығы жайлы», Ш.Уәлиханов атындағы No26 орта мектептің әкелер кеңесінің төрағасы Айдынбек Скендіровтің «Бала тәрбиелеудегі әкенің рөлі» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.
Кеңесте бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева баланың әлеуметтік қорғалуы туралы ойын ортаға салса, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.
Келелі кеңесті аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қорытындылап, бала құқықтарын қорғаудың аса маңызды екенін айтып, оның тәрбиесіне терең мән берілу керектігін жеткізді.
«Қт» ақпарат
14 ақпан 2023 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031