» » Бірлескен істің берері көп

Бірлескен істің берері көп

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі-болашақтың тірегі» тақырыбында тәрбие саласы бойынша білім қызметкерлері мен ата-аналардың бірлескен кеңесі өткізілді.
Басқосуға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Жандос Еркінбек, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мен ата-аналар, білім саласының қызметкерлері мен ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Кеңейтілген кеңестің күн тәртібіне сәйкес, білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева аудандағы білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтса, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Жаркинбаевтың кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты және ауданаралық аурухананың бас дәрігері ана мен бала мәселесі жөніндегі орынбасары Ф.Сарыбаеваның жасөспірімдердің психикалық және репродуктивті денсаулығы жайлы хабарламасы жасалып, №26 орта мектептің әкелер кеңесінің төрағасы А.Іскендіровтің «Бала тәрбиелеудегі әкенің рөлі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Ж.Ұзақбаева баланың әлеуметтік қорғалуы туралы ойын ортаға салса, облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.

Келелі кеңесті Қармақшы ауданы әкімі Ж.Еркінбек қорытындылап, балалардың құқықтарын қорғаудың аса маңызды екенін айтып, бала тәрбиесіне қатты мән берілу керектігін жеткізді.
13 ақпан 2023 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031