» » Оқушы тәрбиесі – ортақ жауапкершілік

Оқушы тәрбиесі – ортақ жауапкершілік

Бүгін Қазалы ауданында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы» атты тәрбие саласының бірлескен кеңесі өткізілді.

Басқосуға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мен ата-аналар, білім саласының қызметкерлері мен ардагерлер, құқық қорғау органдардың және салалық бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Кеңейтілген кеңестің күн тәртібіне сәйкес, білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешов аудандағы білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы айтса, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Кабизов кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты және ауданаралық аурухананың бас дәрігері Б.Алишева ерте жүктіліктің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде хабарлама жасады. Сонымен қатар бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Ж.Ұзақбаева баланың әлеуметтік қорғалуы туралы ойын ортаға салса, облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың, суицидтің,кибербуллингтің алдын алу, болдырмау және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.

Қай уақытта да ұрпақ тәрбиесі маңызды. Жеткіншектерге саналы тәрбие беру бүкіл қоғамның, салаға жауапты мамандар мен аға буын өкілдерінің қастерлі міндеті. Сондықтан, құқық бұзушылық, суицид, ерте жүктілік, нашақорлық, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында бірінші кезекте тәрбие мәселесіне баса назар аударуды, ол үшін мүдделі органдармен бірлескен арнайы іс шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Баланың алғашқы ұстазы және негізгі қамқоршысы - өз ата-анасы. Осы тұста мектеп, отбасы және ұстаз арасындағы өзара сабақтастық, бірлік және ынтымақтастық үйлесімін тауып, ата-аналармен бірлесіп тығыз жұмыс жасау керек, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Шара соңында басқарма басшысы білім бөліміне аудандағы білім беру ұйымдарында тәрбие бағытында жұмыстарды жандандырып, жергілікті жерде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Айта кету қажет, тәрбре саласының көшпелі кеңесі облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық аудандарда кесте бойынша өткізілетін болады. Сондай-ақ, түрлі сала өкілдерінен бала құқығын қорғау және тәрбие жұмысын жетілдіруге қатысты жұмысшы тобы құрылып, іс шара жоспары жасалуда.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
09 ақпан 2023 ж. 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031