» » ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Жақында Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған ведомствоаралық мәжіліс өтті. Қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруды көздеген жиынға бірқатар жауапты мекеме өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Мәжілісті қала прокуроры Шыңғыс Есжанов ашып, күн тәртібіне шығарылған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Ол құқықбұзушылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік құрылымдар мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ өткен жылы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді.
Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев өз сөзінде Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл қағидат – қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз етудің негізгі тірегі. Барлық шешім мен әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс екенін атап өткен ол, құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын жеткізді.
Сонымен қатар Диас Асылбекұлы «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын одан әрі жалғастыру қажеттігін айтып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы қылмыстың алдын алуға болатынын тілге тиек етті.
Күн тәртібі аясында қала прокурорының орынбасары Арман Жаппасбаев, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Мырзаш Нұртаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталды. Баяндамаларда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары және профилактикалық шаралардың нәтижелері сөз болды.
Жиын барысында ардагерлер мен қала тұрғындары да пікір білдіріп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірқатар ұсынысын ортаға салды. Қатысушылар қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жолында бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.
Мәжіліс соңында алдағы уақытта ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізу және қоғаммен тығыз байланыс орнату қажеттігі айтылды.
«ҚТ» ақпарат
27 қаңтар 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 314
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031