» » «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек пен Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы арнайы қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер негізге алынып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек өз сөзінде:
– Президентіміздің бастамасымен елімізде «Заң және тәртіп» қағидасын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты ұстаным. Аудан көлемінде де осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді, – деді.

Сонымен қатар, облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе, алаяқтық, құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар сынды фактілердің алдын алуда бірлескен жұмыс пен азаматтардың белсенділігі қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы сөз сөйлеп, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызын атап өтіп, құқық қорғау органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Аталған мәселелердің алдын алу мақсатында халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында бірқатар шаралар жоспарланып, нақты жобалар бекітілуде.

22 тамыз 2025 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031