» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Қармақшы ауданында «Заң және тәртіп керуені» акциясы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Акцияға облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы, аудан прокуроры Мейрамбек Жанбырбайұлы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ашып жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде заң үстемдігін қамтамасыз етудің, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын атап өтті.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары тұрғындармен кездесу барысында олардың құқықтық мәселелеріне қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Акция барысында елді мекендердегі әлеуметтік мәселелер, қаңғыбас иттерді жою, жастар арасында электронды темекі мен вейпке тәуелділіктің алдын алу, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу, алаяқтықтан қорғану, кәсіпкерлікке қатысты түйткілді жайттар көтерілді.

Тұрғындарға заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, облыстық прокуратура аудан бойынша өзекті мәселелердің тізімін жасап, оларды шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдағы уақытта «Заң және тәртіп керуені» акциясы облыстың басқа да аудандарында жалғасады.

21 наурыз 2025 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 523
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31