» » Өзекті мәселе

Өзекті мәселе

Қармақшы ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Дамир Меделбайұлы, аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Руслан Әділбекұлы, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Әбдірасулов Дәулетбек, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхамед Сыздықов, палатаның кеңес төрағасы Болат Нұрқожаев және уәкілетті орган басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Жосалы кентінің тұрғындары жеке кәсіпкерлер С.Ералиев пен Ж.Қойшыбаева аудан кәсіпкерлерінің көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселелерді қозғады.
Еркін пікір алмасу нысанында өткізілген жиында басқада кәсіпкерлер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-ойларын жеткізді.
Кездесуге қатысқан уәкілетті орган өкілдерімен бірге кәсіпкерлердің сұрақтары мен көтерген мәселелері жан-жақты талқыланып, тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлер жобаларын сүйемелдеу және қаржылық емес көмек көрсету, міндетті жарналық төлемдер жасаған кәсіпкерлік субъектілері, коммуналдық қызметтің жағдайы және салық мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында облыс прокурорының орынбасары Дамир Меделбайұлы кездесудің маңыздылығына тоқталып, еркін форматтағы мұндай отырыстарды жиі ұйымдастырып, кәсіпкер азаматтармен қабылдаулар өткізіп және уәкілеттік шегінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Жиын соңында “Қармақшы даму” кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаржаубаев Алмасбек кәсіпкерлер атынан облыс прокуроры Нұрлан Дәуренұлына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде және басқа да мәселелер бойынша ауданымызда атқарылған жұмыстарға өз алғысын білдірді.
24 маусым 2022 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031