» » Кәсіпкерлермен кездесу өтті

Кәсіпкерлермен кездесу өтті


Аудандық прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлік бөлімінің және Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының ұйымдастырумен барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Дөңгелек үстел нысанында өткізілген мәжілістің басты мақсаты кәсіпкерлерді қолдау, олардың құқықтарын қорғау бағытындағы және қолданысқа енгізілген жаңа заңнамаларды түсіндіру, олардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасу.
Кездесу барысында аудан кәсіпкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарымен бөлісіп, тиісті уәкілетті орган өкілдерінен кеңестер мен түсіндірулер алды.
Тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жүргізіліп жатқан Қазақстан Республикасындағы жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің құқық қорғау әлеуетін, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі бойынша аудандық прокуратура қызметкерлері баяндама жасап, аталған заңнамалар төңірегінде пікір алмасып, ерекшеліктері жан жақты талқыланды.
Сонымен қатар мәжіліс барысында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, «Үш буынды жүйе» аясында ақпараттар беріліп, түсіндіру жүргізілді.

Қармақшы аудандық прокуратурасы

06 тамыз 2021 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031