» » Үш буынды жүйе – қоғам мүддесі

Үш буынды жүйе – қоғам мүддесі

Аудандық прокуратураның бастамасымен қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында атқарылған жұмыстар барысы талқыланды.
Дөңгелек үстел нысанында өткізілген мәжіліске аудан әкімдігінің, «Nur Otan» партиясы филиалының өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Мәжілісте аудан прокуроры М.Маханбетжанов заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде «Үш буынды жүйе» тәжірибесі барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып, бұл бағытта алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттерді атап өтті.
Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстеріне және Жедел іздестіру қыметі туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары аясындағы қатынастарды жетілдіру.
Қадағалау күшейіп, прокурорлардың жауаптылығы артқан.
Мысалы, бұған дейін қылмыстық теріс қылық туралы хаттама және бұйрықтық іс жүргізу туралы қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген тұлғамен сотқа тікелей жолданса, енді аталған құжаттар прокурормен бекітіліп, содан соң сотқа жолдануда.
Сонымен қатар, Қылмыстық-процестік кодекстің 193-бабындағы прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкілеттіктеріне адамды күдікті деп тану туралы, күдіктінің іс-әрекетін саралау және қылмыстық істің бабын қайта саралау туралы қаулыларды келісу жөнінде толықтырулар енгізілді.
Жоғарыдағы Заңмен басқа да маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес бұл өзгерістер мен толықтырулар халық мүддесі үшін, қоғамды құқық бұзушылықтан қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір көрінісі.
Дөңгелек үстел отырысында көлеміндегі жалпы құқық бұзушылық мәселесі де талқыланып, міндеттер жүктелді.

Еркін МУСАЕВ,
аудандық прокуратураның аға прокуроры
02 сәуір 2021 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031