Конституция
» » Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - басты назарда

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - басты назарда

2020 жылғы 25 желтоқсанда ZOOM платформасы арқылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Б.М.Ниязовтың төрағалығымен, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Ә.Есмахановтың, облыстық білім басқармасының басшысы А.Б.Қасымованың және білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының талабына сай ұсыныстар қаралды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер шыншылдық пен әділдік сияқты қағидаттарға адалдығын іс жүзінде көрсете бастауы маңызды екендігін атап өтіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға ұсынды.
Шара соңында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Ә.Есмахановтың, облыстық білім басқармасының басшысы А.Б.Қасымованың хабарламаларын тыңдап, 2020 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

28 желтоқсан 2020 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031