» » Субсидия беру мәселесі талқыланды

Субсидия беру мәселесі талқыланды

Аудан әкімдігінде облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласындағы мал шаруашылығын дамыту мен субсидия беру мәселелері бойынша актив отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал-майор Қ. Қожахметов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев, Қызылорда облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары П. Сыздықов және аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының иелері мен кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуде аудан әкімі М. Қалдарбеков сөз алып, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне арнайы тоқталып, ауданға арнайы келген сала басшыларын таныстырды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов бүгінгі жиынның негізгі мақсаты – шаруалармен бетпе-бет кездесіп, елдің ішіндегі өзекті мәселелерді тыңдау, ауыл шаруашылығы саласын субсидияландыруда кездесетін қиындықтар туралы ұсыныстарды білу екендігін жеткізді.
«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген Наурызбай Сейітқалиұлы осы салаға бөлінетін субсидия мен басқа да мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету кезінде жасалатын сыбайлас жемқорлық қылмыстың азаймай отырғандығын айтты.
Сонымен қатар жиын барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Қанат Қожахметов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының күшейтілгенін, ол үшін бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтті. Одан кейін Агенттік басшысының бірінші орынбасары Ғ.Әлімқұлова қабылданған заңнамалық шараларға кеңінен тоқталып, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізілетіні туралы айтып өтті.
Мұнан соң аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә. Омаров аудандағы агроөнеркәсіптік кешеннің даму барысы жөнінде хабарлама жасап, негізгі көрсеткіштерге тоқталды.
Кездесуде шаруа қожалығының жетекшілері, жеке кәсіпкерлер, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, субсидиалау шарасына қатысты ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесуді қорытындылаған облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің өзектілігіне тоқталып, жиында аталған ұсыныстар ескерілетінін жеткізді.
Кездесуден соң Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қожахметов жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.
Қармақшы ауданына сапары кезінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қожахметов Дүр Оңғар ауылында болып, «Жаңажол» ЖШС -нің жұмысымен танысты.
Шаруашылыққа тиесілі күріш өңдеу зауытының жұмысымен «Жаңажол» ЖШС –нің директоры, облыстық мәслихат депутаты О. Төлепов арнайы таныстырып, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 шілде 2021 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031